Елбасы ұсынған шаралар Қазақстанның халықаралық бизнес-қауымдастықпен экономикалық ынтымақтастығын нығайтады - ҰКП

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.

Елбасы ұсынған шаралар Қазақстанның халықаралық бизнес-қауымдастықпен экономикалық ынтымақтастығын нығайтады - ҰКП

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз, Қазақстан бизнесінің өкілдері, Сізді ресми түрде қызметке кіріскеніңізбен құттықтаймыз!

Ұлықтау рәсімінде Сіз 5 институционалдық реформаны мемлекеттік саясат алдында тұрған басты міндеттер ретінде атап өттіңіз. Біз сіз ұсынған 5 институционалдық реформаны орынды ұсынылғанын атап өткіміз келеді. Олардың барлығы елдің ары қарай дамуына, алға қойылған міндеттерді орындау үшін қоғамды біріктіруге бағытталған.

Мемлекеттік аппаратты жетілдіру бойынша шаралар оның тиімділігі мен жемқорлыққа қарсы күресін нығайтуға сеп болады. Мұның барлығы бизнестің ары қарай дамуына, инвестицияларды тарту мен Қазақстанның халықаралық бизнес-қауымдастығымен экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Мемлекет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп келеді. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі күшейіп, тауарымыздың сыртқы нарыққа шығуына жол ашылып жатыр.

Ұсынылған институционалдық реформалар ауыл шаруашылығының дамуына да пайдасын тигізеді. Қазақстандық ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер азаматтарымызды отандық ұн, сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқы бірлігінің күшеюі, әлеуметтік саланың жетілуі, құқықтық тәртіптің нығаюы мен экономикалық сала мен бизнестің өрлеуіне жағдай жасау - бұл Қазақстанның экономикалық өсімінің, экономикалық әлеуетінің күшеюінің, бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен еліміздің экспорттық әлеуетінің артуының негізгі факторлары.

Алға қойылған міндеттерді орындау еліміздің дамуына серпін беріп, оны барлық бағыттар бойынша алға шығарады», делінген құттықтау хатында.