Елбасы В.Жұмақановты ҚР ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Жұмақановты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы республикалық БАҚ-та жарияланды.
***
Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 желтоқсан №140