Елбасы зейнетақы мәселесіне байланысты нақты жауап берді - ардагер пікірі

sp;ОРАЛ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елмен тікелей тілдесу барысында зейнетақы мәселесіне байланысты да нақты жауап берді. Бұл туралы Орал қаласында тұратын еңбек ардагері Ғилаж Наурзин  мәлім етті,

Елбасы зейнетақы мәселесіне байланысты нақты жауап берді - ардагер пікірі

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Президент зейнетақының алдағы жылдың басынан 25 пайызға өсетінін, мұның одан кейін де жалғасатынын атап айтты. Яғни бұл тұрғыда мемлекет өз уәдесін орындай бермек. Сонымен бірге Елбасы егер мүмкіндік табылса, бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіруді де келесі жылдың шілдесінен емес, одан бұрынырақ қарастыруға болатынын жеткізді. Мұның бәрі - мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қамқорлық. Елбасы атап өткеніндей, Литва сынды елдер зейнетақыға дейін қысқартып жатқанда, Қазақстанда осындай жағдайдың сақталуы - экономиканы тұрақтандыру бағытында дағдарысқа қарсы шаралардың ойдағыдай жүзеге асырылып отырғанының дәлелі. Ең бастысы, ел бірлігі, ұлт тұтастығы сақталса, бәріне де қол жеткізуге болады.