Елбасы жалпыәскери жарғыларға және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарға байланысты жарлықтарға өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыәскери жарғыларға және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтарға байланысты жарлықтарға өзгерістер енгізді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.