Елбасы жаңа Еңбек кодексіне қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға және еңбек қатынастары жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қол қойды.

Елбасы жаңа Еңбек кодексіне қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.