16:50, 11 Сәуір 2012 | GMT +5
Елбасы жаңадан салынып жатқан опера және балет театрында Қала күнінің салтанатты жиналысын өткізетінін мәлімдеді
АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Астананы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынып жатқан опера және балет театрында Қала күнінің салтанатты жиналысын өткізуге ниетті екендігін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған нысандар қолданысқа берілетін уақытынан біршама қалып келе жатқан болатын. «Біз сіздердің барлық проблемаларыңызды шешіп бердік. Сондықтан да, мен театрдың басты залында Қала күніне арналған салтанатты отырыс өткізгім келеді. Не айтасың?», - деді Н. Назарбаев құрылыс салушы компания басшысына қаратып.
Өз кезегінде компания басшысы қазіргі уақытта құрылыс қарқынды екенін, алайда біршама мәселелер бар екендігін айтты. «Әрине, екінші бөлігі тым қиындау екенін білемін. Мен бұнда зал туралы айтып отырмын. Технологиялық жағынан қиындау болуы мүмкін, дегенмен қолдан келгенше көмек жасаймыз», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент ұлттық мұражайдың құрылыс қарқынына да назар аударды.