Елбасы және Мемлекет басшысының қатысуымен ҚХА сессиясының жұмысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясының жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен басталған сессия жұмысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Сессия жұмысына онлайн форматта 550-ден астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

ҚХА-ның XXIX сессиясыннан ақпарат тарату үшін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында (21 қабат) баспасөз орталығы жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, 27 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады.

Кездесуде Елбасына еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы ахуал және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты алдағы XXIX сессиясына әзірлік барысы туралы баяндалды.

Кездесу барысында өңірлердегі Достық үйлерінің жұмысына баса көңіл бөлінді. Тұңғыш Президент аймақтарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар