Елбасы Жапонияға ядролық сынақтардан зардап шеккен аумақтың халқына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жапонияға ядролық сынақтардан зардап шеккен аудандардың халқына көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен екіжақты келіссөздерден кейін мәлім етті.
None
None

Мемлекет басшысы екі ел көшбасшыларының әрбір кездесуі мемлекеттер арасындағы диалогты айқын көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстанда Жапония тарапының, әсіресе Семей полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен аудандардың халқына көмегін жоғары бағалайды. Біз сіздердің көмектеріңізге алғысымызды айтамыз»,-деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Елбасы Жапония Қазақстанның дамуына ресми көмек желісі бойынша 1,2 млрд. доллар бөлгенін еске салып өтті.

«Біз бұдан ары қарай да өзара іс-қимылдарды тереңдетуге ниеттіміз және қызығушылық танытып отырмыз. Атап айтқанда сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қатынастардың локомотиві болып табылады. Қазақстан - Жапонияның Орталық Азиядағы орасан зор сауда-экономикалық серіктесі»,-деп қосты Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум