Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні  болып жарияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң

1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы

13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы
№ 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1,
1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 қаңтар

№ 173