Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді

АНА-АҚОРДА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қыркүйектің 3-індегі №862 Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді. ҚазАқпарат Жарлықтың мәтінін жариялайды.

Елбасы Жарлығымен Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілді


ҚР Президентінің Жарлығы

 Ақмола облысы Щучье ауданының атауын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық орналасуы туралы» 1993 жылғы желтоқсанның 8-індегі ҚР Заңының 9-бабына сәйкес және Ақмола облысы жергілікті атқару және өкілетті органдарының пікірлерін ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ақмола облысының Щучье ауданы Бурабай ауданы деп өзгертілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, қыркүйектің 3-і, №862