Елбасы Жарлығымен Б. Тасымов ҚР-дың Сауд Арабиясындағы елшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысының Жарлығымен Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі, Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.