Елбасы Жарлығымен Бас прокуратураның мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілді
СТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасы Бас прократурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Бас прократурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 34-ші бабы 2-ші тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін.
1) «Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»;
2) «Соттылықтың болуы болмауы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланнан күнінен күнтізбелік он өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда 18 тамыз 2010 жыл № 1041