Елбасы Жарлығымен бірқатар Сенат депутаты қайта тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен бірқатар Сенат депутаты қайта тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Елбасы Жарлығымен бірқатар Сенат депутаты қайта тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып мыналар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Бектас Әбдіханұлы Бекназаров, Дархан Аманұлы Кәлетаев қайта тағайындалды», делінген хабарламада.