Елбасы Жарлығымен БҚО Зеленов ауданының атауы Бәйтерек деп өзгертілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.

Елбасы Жарлығымен БҚО Зеленов ауданының атауы Бәйтерек деп өзгертілді

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев