11:17, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елбасы Жарлығымен Қ.Омаров Қазақстанның Үндістандағы және Шри-Ланкадағы Елшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды,
деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметінен.