Елбасы Жарлығымен Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.