20:08, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасы Жарлығымен Қоршаған ортаны қорғау министрі тағайындалды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы наурыздың 4-індегі №760 Жарлығымен Нұрғали Әшімов Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықтың мәтінінде.