Елбасы Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев ҚР-ның Вьетнамдағы елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.