Елбасы Жарлығымен Жансейіт Түймебаев Қазақстанның Түркиядағы елшісі болып тағайындалды
АСТАНА-АҚОРДА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстанның Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.