Елбасы жас ғалымдарды жаңа энергия көздерін іздеумен әуестенуге шақырды
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Жас ғалымдар жаңа энергия көздерін іздеумен әуестенуі қажет. Бұл туралы бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Мемлекет басшысы таяу онжылдықтың ішінде көмірсутектер мен бейбіт атомға басымдық беру қала беретіндігін, сонымен қатар мамандардың бағалауынша, әлі де кемінде 5 жыл көмірсутек дәуірі жүретіндігін баса айтты.
«Дегенмен, мұның барлығы да біздер үшін белгілі энергия түрлері. Бірақ біздерге көкжиекке көз салу қажет. Мұны сіздер істемегенде басқа кім жасайды? Бұлар басқарылатын термоядролық синтездер. Сутектік энергетика, оның тиімділігі біздерге белгілі энергия көздерінен 40 пайызға артық», - деді Елбасы.
Сонымен қатар жаңа энергия көздері қатарында жасанды фотосинтезді, шоғырландырылған күн энергиясын атап өте келе Мемлекет басшысы: «Жас ғалымдар, энергетиктер осындай перспективалармен әуестенуі тиіс», - деді.