Елбасы жас офицерлерге әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасауды тапсырды

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас офицерлерге әскер қатарындағы сарбаздарға қамқорлық жасауды тапсырды.
None
None

Президент бұл жайында бүгін Астанада Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру дәстүрлі рәсімі мен елдің жоғары әскери оқу орындарының ең үздік түлектеріне офицер шенін тапсыру кезінде айтты.

«Өмірлеріңде офицерлік шен алып, алдарыңа үлкен мақсатты қойып, әскери маман болуға бекіндіңдер. Әрқашан да аман-есен болыңдар, елімізде бейбітшілік болсын. Еш уақытта соғысқа қатыспаңдар, бірақ әрқашан да Отанды қорғауға дайын болыңдар»,-деді Мемлекет басшысы

«Әскерде өздерің сияқты жас жігіттерге аға болып, қолдау көрсетіңдер. Олардың барлығы қазақстандықтардың ұлдары. Соларға мұқият қарап, туған ағадай болып, сарбаздарға бар көңілдеріңмен қарап, қамқорлық жасаңдар. Сонда біздің әскеріміз мықты болады»,-деп түйді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар