16:04, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Елбасы - жастарға жарқын үлгі - Мәжіліс депутаты Т.Бердоңғаров
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы өз қызметін атқаруда жастарға үлгі болып отыр.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін мәлім етті.
«Кездесуде мен, депутаттардың өңірлерден әкелген мәселелердің ауқымдылығына қарамастан, Елбасының көп мәліметтер мен көрсеткіштерден хабардар екеніне таң қалдым. Бұл, жастар үшін, жұмысты қалай атқару керектігінің жарқын үлгісі», - деді депутат өз сөзінде.
Оның айтуынша, кездесу барысында Елбасы ағымдағы жылы ашылатын жаңа Университетке айрықша назар аударды. Университетке оқытушылық жұмысқа әлем елдерінен үздік ғалымдар тартылады. Бұл оқу орнында Қазақстан үшін жоғары білікті мамандар әзірленетін болады.