Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесуінде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Д.Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады.
Өз кезегінде Д.Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.