Елбасы жетістіктері арқылы біз оны Ұлт Көшбасшысы ретінде мойындауға тиіспіз - Мәжіліс депутаты С. Ферхо

; Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑Елбасы жетістіктері арқылы біз оны Ұлт Көшбасшысы ретінде мойындауға тиіспіз.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Президентінің мәртебесін нақтылауға қатысты заң жобасына бастамашылық жасаған депутат Светлана Ферхо осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тиімді, сарабдал шешімдерінің арқасында Қазақстан экономикалық және саяси дағдарысты еңсере білді, тәуелсіз мемлекет ретінде берік орнықты. Н. Назарбаев өз мемлекеттерінің мүддесі үшін нағыз тарихи шешімдер қабылдап, елінің есінде мәңгіге сақталған Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрк, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғылармен қатар аталуы тиіс. Әрине, бүгінгі күні Тұңғыш Президент мәртебесі Конституциямен және конституциялық заңнамалармен анықталған. Дегенмен, Президенттің жетістіктері арқылы оны Ұлт Көшбасшысы ретінде мойындауымыз керек», деді С. Ферхо.

Соңғы жаңалықтар