Елбасы Жолдауы атқарушы органдардың бүгінгі міндеттерін айқындап берді ? Түркісіб ауданының әкімі

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – ҚР Президентінің «Дағдарыстан - дамуға» атты биылғы Жолдауы дер кезінде жасалды және онда бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселелер көтерілген.
None
None
Жолдау республикамыздың кез-келген тұрғыны үшін қол жетімді. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі Владимир Устюгов баяндады.«Елбасының биылғы Жолдауымен танысқаннан кейін мен өзіме қатысты нақты міндеттемелерді айқын көрдім. Соның ішінде, Түркісіб ауданының негізгі мәселелері көрсетілген. Сондықтан, Президентіміздің тапсырмалары қазірдің өзінде қолға алына бастады. Ал осыған дейінгі қабылданған әлеуметтік және экономикалық салалардағы бағдарламаларды жүзеге асыру жолында жұмыстар жалғаса беретін болады. Осыған орай, біздің ауданның 2009 жылға арналған іс жоспары құрылды. Республикалық бюджеттен осы бағыттарға қосымша қаржы бөлініп отыр. Қаржы жол салу немесе ескі жолдарды жөндеу, коммуналдық желілерді жөндеуден өткізу, сондай-ақ, ең бастысы халықтың әл-ауқатын жақсарту салаларына жұмсалатын болады», дейді Владимир Устюгов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум