11:02, 12 Ақпан 2010 | GMT +5
Елбасы Жолдауы жастарға да жауапкершілік жүктейді - жас маман пікірі
ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауы жастарға да жауапкершілік жүктейді.
Бұл туралы БҚО-ның Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы Гүлдана Әргенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, студенттер шәкіртақысының көбейіп, «Жастар тәжірибесінің» алдағы уақытта да жалғасатыны - жастар үшін үлкен қуаныш. Бұл сол жастардың аяғынан тік тұрып кетуіне септесуімен қатар олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ілгерілеуіне үлес қосуына мүмкіндік береді. «ХХІ ғасыр - білімді, талантты, әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін жастардың дәуірі екендігі дау туғызбайтын ақиқат болса керек. Ендеше, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу міндетінен жастар да шет қала алмайды, қайта соның нақ ортасында болады», дейді жас маман.