Елбасы Жолдауын талқылады

;АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Президентінің мұрағаты мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен «Жаңа онжылдық-жаңа тарихи мүміндіктер» атты дөңгелек үстел өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында алдағы онжылдықта Елбасы атап өткен жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыру, елдің жаңа әлеуметтік-экономикалық дамуындағы гуманитарлық ғылым саласы мен ғылыми қоғамның міндеттері, гуманитарлық білім саласының өзекті мәселелері сөз болды.Шараға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко қатысып «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу» атты баяндама жасады.

«Қазақстан өткен онжылдықты табысты өткере білді. Сол онжылдықтағы оң саясаттың нәтижесінде халық орын алған дағдарыстың салқынын сезген жоқ. Елбасы биылғы жылы өз жолдауында алдағы онжылдықтың жаңа міндеттерін айқындап берді. Бұл міндеттер экономика, бизнес, әлеуметтік сала немесе мемлекеттік органдарға ғана берілген тапсырма емес. Сондықтан көп болып жұмыла жүзеге асырған жөн» деді өз сөзінде Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Жиынға бұнымен қатар танымал тарихшы-ғалымдар, мұрағаттанушылар қатысып, Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу мәселесін көтерді. Бұнымен қатар отырыста «Ұлт бірлігі» доктринасы мен ұлтаралық қатынас туралы да айтылды.

Соңғы жаңалықтар