Елбасы Жолдауын түсіндіру тобының мүшесі Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездесті

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласы өкілдігінің басшысы, ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Бақыт Оспанов ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатымен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездесті,

Елбасы Жолдауын түсіндіру тобының мүшесі Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездесті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға студенттермен бірге, Ұлттық университеттің 1-ші проректоры Мүбәрак Ермағамбетов пен Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының бастығы Жанат Исмаилова қатысты. Шараның мақсаты студент жастарға Президент Жолдауын жан-жақты түсіндіру мен оларды толғандырған өзекті мәселелерді бірлесе талқылау.

«Бүгінде еліміз ЕҚЫҰ-на басшылық етіп отыр. Сонымен бірге, болашақта интеллектуалды ұлт қалыптастыруға күш салуымыз керек. Бұл үшін студенттердің жоғары сапалы маман болып шығуы тиіс. Осы орайда Елбасы Жолдауын оларға нақтылы түсіндіріп, соған қатысты күрделі мәселелерді бірлесе талқылаудың маңызы зор деп білемін», деді Бақыт Оспанов.

Кездесу барысында Б. Оспанов Жолдау жөнінде баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.