Елбасы Жолдауын түсіндіру және ақпараттық қолдауда ҮЕҰ 5 негізгі ұсынысқа баса назар аударулары керек - М.Әшімбаев

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру және ақпараттық қолдау бойынша әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар 5 негізгі ұсынысқа баса назару аударулары керек.
None
None

Бұл туралы бүгін ҮЕҰ басшыларымен кездескен ҚР Президенті Әкімішілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

«Біз сіздердің шығармашылық тұрғыдан келіп, жұмыстың заманауи тиімді әрі жаңа қызықты әдістерін көрсеткендеріңізді күтеміз. Түсіндіру жұмыстарын белгі соғу үшін өткізбейміз, көрсеткіштер, сан қуалаудың қажеті жоқ. Бізге бұл іс-шаралардың сапалы қамтамасыз етілгендігі керек. Сіздерден Жолдауды түсіндіру және ақпараттық қолдау бойынша қызықты ойлар мен креативті идеялар береді деп күтеміз. Меніңше, сіздер бұған дейін пайдаланылмаған қызықты тәсілдер мен әдістерді ұсына аласыздар», деді ол.

Бұл атқарылатын жұмыстардың барлығы қоғамымыздың нығаюы үшін істеліп жатқандығына тоқталған М.Әшімбаев, бұл орайда ел халқының өмір сүру деңгейін жоғарлатуда, жалпымемлекеттік міндетті жүзеге асыру әрі ауқымды экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтарды тарту керектігін баса айтты. Бұл жұмыстар 2 бағытта дамуы мүмкін. «Жұмыс барысында сіздер басқа да ҮЕҰ-дарды тартады деп күтеміз. Бізде, Қазақстанда шамамен тұрақты 200 мың адам жұмыс істейтін 18 мың ҮЕҰ бар. Оларда волонтерлік негізде жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл өте байсалды ресурс, әрі белсенді адамдар, сондықтан біз сіздердің ұйымдарыңыз арқылы оларды мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тартқымыз келеді. Екінші жағынан, сіздердің қызметтеріңіз арқылы халықтың ең көп бөлігін қамтуды мақсат тұтып отырмыз», деді ол.

Сөз соңында М.Әшімбаев ҮЕҰ басшыларының алдына қойып отырған 5 ұсынысқа тағы бір тоқталды. Олар: креативті келу, бірлесіп шешетін глобальды міндеттерді түсіну әрі қоғамды нығайтуға және азаматтарды жалпы мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға тарту, ұлтаралық келісімді және тұрақтылықты қамтамасыз ету, ҮЕҰ-лар көмегімен кері байланысты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа моделін құру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар