Елбасы Жолдауын түсіндірудегі «Мәңгілі Ел» пойызының рөлі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол -болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы - өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат.
Бұл құжатта, бұдан бұрынғы қол жеткізілген нәтижелер сараланып, енді осыдан соң тың міндеттерге бағыт беріліп, соны жүзеге асыруға бар күш-жігер жұмылдырылмақ. Ұлттық қордан 2015, 2016, 2017 жылдарға, әр жыл сайын үш миллиард доллардан қаржы құйылуы соның берік кепілдігі іспеттес. Сондықтан да бұл жолдау қазіргі кезеңнің өзінде де өзектілігін жоймаған, маңызы айырықша, ел өміріне тың серпіліс әкеледі деп сенім артқан құжат.
Бұл жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған. Бірінші. Көліктік-логистикалық инфра¬құрылымдарды дамыту. Екінші. Индустриялық инфра¬құры¬¬¬лымдарды дамыту. Үшінші. Энергетикалық инфра¬құры¬лымдарды дамыту. Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұ¬рылымдарын жаңғырту. Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылым¬дарды дамыту. Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасына үлкен серпіліс беретін «Нұрлы Жол -болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты бағыттарды жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің назарынан тыс қалған емес. Біз бүгін агентігіміздің наурыз айына арналған «Елбасы жолдауы» айдары бойынша жарияланған материалдардың шолу таспасын ұсынамыз.
Елбасы Жолдауын түсіндіруде «Мәңгілі Ел» пойызының рөлі зор.
«Мәңгілік Ел» идеясын алғаш рет мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жолдауында атап өтті. Осы Мәңгілік Ел идеясын, Елбасының әр жылдары халыққа жолдаған Жолдауын насихаттау мақсатында «Мәңгілік Ел» арнайы пойызы ел-жерлерді аралады. Аталған акцияның басты мақсаты - Қазақстан халқының бірлігін нығайту, ел бірлігін жастар қауымына насихаттау.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұғырнамасы - Елбасының салиқалы саясатын ту етіп алға қарай нық аяқ басу.
Қазақстан Тәуелсіздігі 25 жылдығының құрметіне ел аймақтарында «Мәңгілік Ел» арнайы пойызы жүріп жатыр.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 наурызда пойыздың бірінші легі Сарысу ауданының Жаңатас қаласына келіп жетті.
Делегацияның құрамында 56 адам бар, олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ медициналық қызметкерлер бар. Олар аудандық Мәдениет үйінде, «Нұр Отан» партиясының филиалында, Балалар-жасөспірімдер орталығы, аудандық емхана, мұражай, «Қазфосфат» ЖШС-нің кәсіпорындарында болды.
Аудан тұрғындарымен кездесу шараларының бағдарламасына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттарды, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын түсіндіру кірді. Сондай-ақ мәдени-көпшілік шаралар, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, әділет және банк қызметкерлерінің кеңестері өткізілуде.
«Мәңгілік Ел» арнайы пойызының келуіне байланысты Сарысу ауданында штаб құрылды. «Жаңатас» теміржол стансасына өрт сөндіру тобы жіберіліп, бұл шараға қатыстырылған ұйымдардың нысандарында эвакуциялық жолдардың жағдайына, өрт сөндіруге арналған бастапқы құралдардың болуына ерекше көңіл бөлініп, жұмылдырылған нысандардың аумағында инженерлік-инспекторлық құрамның кезекшілігі ұйымдастырылған», - деп баяндады Сарысу аудандың ТЖБ-нің өкілі, азаматтық қорғаныс капитаны Алмас Дауылбаев.
Елордадан шығып, Қара¬ғанды, Шығыс Қазақстан, Пав¬лодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарын аралап келе жатқан «Мәңгілік Ел» әлеу¬меттік пойызы Қостанайға 14 күнде жетті. Қостанайлықтар қуа¬нышын паш еткендей, әлеу¬меттік пойызды теміржол вок¬залында сырнайлатып-кер¬нейлетіп қарсы алды, деп жазды «Егемен Қазақстан» айтулы мәселе турасында.
Қазақтың барлық жері киелі. Халқымызға Шақшақ Жәнібектен бастаған даналар мен батырларды, Ыбырайдай, Шоқандай ұлыларды, Ахмет пен Міржақып, Елдос, Мұхаметжан, тағы басқа да Алаш арыстарын, ірі ғалымдарды, Тәтіқарадан бері үзілмей келе жатқан ақындар легін берген Қостанай өңірінің топырағы аса құнарлы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын, Қазақстанды әлемдегі мойны озық 30 елдің қатарына қосуға бағыттап дамытудың бес институттық реформасын, Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың «100 нақты қадамын» халыққа түсіндіру, насихаттау мақсатында Қостанайға табан тіреген «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы мен қостанайлықтарды елге, жерге деген патриоттық сезім қауыштырғандай болды.
Қыстың шыныдай шытынаған, бірақ қаһары қайтып қалған зілсіз аязын қонақтар да, қостанайлықтар да елейтін емес. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы құрамын Тобыл өңіріне келуімен құттықтады.
- Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын аса зор мерекемен қарсы алады. Мерекелі жылы құрамында экономиканы, халықтың әлеуметтік тұр¬мысын жақсарту мәселелері бойынша кеңес беретін түрлі мамандар бар «Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызының келуіне қос¬танайлықтар аса қуанышты. Бұл еліміздегі жұмылған жұды-рықтай бірлікті білдіреді, - деді Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов. Мұнан кейін сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Подоляков еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясындағы «Мәңгілік Ел» пойызының осылай игілікті іспен келгеніне ризашылығын білдірді.
- Мен бүгінгі ұрпаққа Тә¬уелсіздік аталарыңның, аға ұр¬пақтың ауыр тағдыры арқылы келген құндылық екенін айтқым келеді. Бүгін керемет істер қолға алынып жатыр, соған атса¬лы¬сыңдар, - деді 90 жастағы майдангер Михаил Иванович.
«Мәңгілік Ел» әлеуметтік пойызы Қостанайға келгенге дейін аялдаған елді мекендерде 18700 адамды қабылдап, тыңдады, олар¬ға түрлі салада кеңестер берді. Оның 9 мыңнан астамы тек дәрігерлерден кеңестер алған, қаралған адамдар еді. Қостанайда өздерін күтіп алған соң, арада бір сағат өтпей-ақ мамандар іске кірісіп кетті. №1 қалалық емханада пойызбен келген 25 дәрігер науқастарды қабылдады.
- «Мәңгілік Ел» пойызы келеді, бізге ондағы дәрігерлерден кеңес алуға болады дегенде қуанышымда шек болған жоқ. Өйткені, балам¬ның ауырғанына бір айдан ас-ты. Осындағы дәрігерлер де алаңдаулы еді. Ал бізге Астанаға, тағы басқа ірі орталықтарға баланы апаруға қанша уақыт, қаражат керек қой. Енді, міне, өзім армандайтындай мүмкіндікке ие болдым. Қазір дәрігерге кіреміз, - деп ағынан жарылды баласын гематолог дәрігерге көрсетуге әкеліп отырған Нина Зейналова.
Пойыздың штаб жетекшісі Әміржан Әлпейісов мұнда жоғары санатты дәрігерлер, Ал¬маты, Астана қалаларындағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері келгенін хабардар етті. Шалғай ауылдардағы, аудандардағы адам¬дар¬дың мұндай мүмкіндікке қолы жете бермейді. Сонымен қа¬тар, ми¬нистрліктердің, түрлі ве-домстволардың мамандары облыс орталығында әлеуметтік, мемлекеттік қызмет ұсыну мәсе¬лелері бойынша кеңестер берді. Кәсіпкерлермен «Дөңгелек үс¬тел» мәжілісін құрды, оларды тыңдады. Қостанай поли¬тех¬никалық колледжінде студенттермен индустриялық-ин¬новациялық экономика бағытында білікті кадрлар дамыту тұрғысында әңгі¬мелесті. Елдің тыныштығы, ұлтаралық татулық-біздің елдің басты артықшылығы және басты бағыты. Сондықтан пойыздың сапарында да «Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында дәріс оқылды. Білім саласындағы озық мұғалімдермен кездесулер өтті.
Кешке жергілікті өнерпаздар күшімен Тәуелсіздікке арналған концерт берілді. Ал кеше «Мәң¬гілік Ел» пойызы Тобыл стансасына тоқтады. Онда да Тобыл стансасының, онымен іргелес жатқан Таран ауданы мен Лисаков қаласы тұрғындары көңілдегі көп сауалдарға әлеуметтік пойызбен келген мамандардан кеңестер алды. Онда да пойыз Тәуелсіздік рухын асқақтата түскендей болды.
760-тан астам қазақстандық еңбек және зейнетақы заңнамалары бойынша ҚР ДСӘДМ мамандарының кеңесін алды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы» республикалық акциясының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары 761 азаматқа кеңес берді, оның ішінде 452 адамға әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері (зейнетақыны есептеу, жұмыспен қамту, мүгедектік тобын анықтау, қосымша әлеуметтік көмек көрсету, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша несиелеу, «Өрлеу» бағдарламасына қатысу, мүгедектерді оңалту және т.б.) бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді», - делінген хабарламада.
309 азамат еңбек заңнамасы (жеке еңбек келісімшартын, ұжымдық келісімшартты жасау және оны тоқтату, сонымен бірге, азаматтық қызметшілер еңбекақысының өсуі, еңбекақыны төлемеу және т.б.) туралы кеңес алды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» пойызы» жалпы республикалық акциясы 15 ақпанда басталып, ағымдағы жылдың 18 наурызында Алматы қаласында аяқталады. Акция мақсаттарының бірі - халыққа құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету.
Қорыта айтқанда, Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. «Дамуы¬мыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін сіздерді алдағы уақытта Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау жолында бірлікпен, абыроймен қызмет атқаруға шақырамын»- деген болатын Елбасы.
Елбасы жолдауын насихаттаудағы «Мәңгілік ел» пойызының рөлі зор екенін айтып өттік. Пойыздың мақсаты Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың «100 нақты қадамында» айтылған мәселелер бойынша нақты кеңес¬тер беру, түсіндіру. Салалар бойынша да нақты жұмыстар жүргізілді. Тәуелсіздік тұғырын нықтау үшін «100 нақты қадамда» айтылған мәселелер бойынша нақты жұмыстар жүргізуге болатыны дәлелденгендей. «Дамуы¬мыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін сіздерді алдағы уақытта Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау жолында бірлікпен, абыроймен қызмет атқаруға шақырамын»- деген болатын Елбасы.