Елбасы Жолдауын ұжым болып тыңдадық - Н. Торманов

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа арналған дәстүрлі   жолдауын ұжым болып тыңдадық.

Елбасы Жолдауын ұжым болып тыңдадық -  Н. Торманов

Бұл Жолдау  болашақта елді келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындай көрсетіп берді. Оны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  Биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры Нұртай Торманов Елбасының Парламенттің бірлескен отырысында жариялаған Жолдауынан кейінгі әсерімен бөлісу кезінде айтты.  

 «Халыққа жолдауында еліміздегі жұмыссыздықты жою,   әрбір отбасын қолжетімді баспанамен  қамтамасыз ету, ауыл мен селоны жандандыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы шетелдерге жалға берген пайдалы қазбаларды  тиімді пайдалану сынды басымды мәселелер көтерілді. Әрине,  10 бағыттың әрқайсысының өзіндік орны бар. Осы айтылған бағдарламалардың ішінде бізге, яғни білім беру саласындағы ұжымдарға арналған мәселе, жастарға заманауи талапқа сай, әлемдік бәсекеге төтеп бере отырып, өмірден өзінің мамандығы бойынша орнынан таба алатын мамандарды дайындау болды. Ол үшін оқу үрдісіне білім және тәрбие берудің инновациялық технологиясын енгізу қажет деген мәселе көңілімнен шықты. Бүгінгі университетімізде өткізіліп жатқан "Білім беру қызметіндегі инновациялық және оқытудың сапасын арттыру мәселелері" жайлы 42-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция бүгінгі Жолдауға сәйкес келіп отыр. Мұнда  бүгін дәл осы мәселе көтеріліп еді. Бүгінде Назарбаев университеті жетістікпен жұмыс істеп жатқан еліміздің алдыңғы қатарлы оқу ордасына айналды. Назарбаев университетінің тәжірибесін басқа да жоғарғы оқу орындарына насихаттау, оқу процесін индустриялық-инновацияға сай өткізуді көрсетіп отыр. Университет тәжірибесінен аларымыз көп деп санаймын», - деді Нұртай Торманов.

Ол сондай-ақ,: «Елбасының биылғы халыққа жолдауы барлығымыздың көкейімізге ұнады,  себебі бұл ел дамуының болашағын көрсететін даңғыл жол деп үлкен сеніммен қараймын», - деді.