Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға біріге түссек, дағдарысты еңсеру де қиынға соқпайды - Т. Сыздықов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға біріге түссек, дағдарысты еңсеру де қиынға соқпайды. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан кейін Қазақстан коммунистік халықтық партиясының хатшысы Тұрғын Сыздықов осындай пікір білдірді.
None
None

«Бүкіл әлем дағдарыста күн кешіп жатқанда Елбасының Жолдауында осы дағдарысты еңсерудің тиімді жолдары қамтылғаны қуантады. Әрине, Қазақстан дағдарыспен бүгін ғана бетпе-бет келіп отырған ел еемс. Елбасы айтпақшы, Тәуелсіздіктен бері талай рет бастан өтті. Ендеше, бұл кезекті дағдарысты еңсеру қазақстан халқына соншалықты қиындық тудырмас. Ең бастысы Президент айтқанындай, бізге бірліктің бекемдігі маңызды», - деді Т. Сыздықов.

Оның айтуынша, барша қазақстандықтардың мықты болатын кезі - ауызбіршілік болғанда ғана орнайды.

«Елбасы Жолдауында алдағы тығырықтан көп қиналмай шығатын бағытты айқындап, сол үшін бір жарым сағат әңгіме өрбітті. Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі де сонда. Осыған байланысты Елбасы әрбір салада не атқарылуын жіктеп- анықтап көрсетіп берді. Енді осыны сапалы орындасақ, ұтамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар