Елбасы Жолдауында ұлттық валютаға сенімді нығайтуға ерекше мән берді - А.Перуашев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жолдауында ұлттық валютаға сенімнің нығаюына ерекше мән берді. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауынан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлім етті.
None
None

«Елбасы тек мұнайға ғана сенудің қажет жоқ екенін қадап айтты. Шикізаттық емес секторға, яғни жеңіл өнеркәсіпті және басқа да салаларды дамытуға мән беруге екпін қойылып отыр. Қажетті киім-кешектер мен аяқ киімдерді өзімізде шығару керек. Атап айтқанда, ішкі нарықта айналатын тауарларды өзіміз өндірсек, әрине, оның құндылығы теңгемен есептеледі», - деді депутат. Осы орайда А.Перуашев Қазақстанның ішкі нарығын отандық тауарлармен толтыру арқылы ұлттық валютаға сенімді арттыруға болатынын, сондай-ақ еліміздің тауарларына елеулі сұраныс өсетіндігін жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбын қамтыды. «Біздің Қазақстанымыз да, естеріңізге алыңыздар, КСРО күйреу дәуірінде өмірге келді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы онжылдығы ең қиын жылдар болды. Біз егер еске алсақ, мұнайсыз-ақ күн кешкенбіз. Тәуелсіз Қазақстан қашанда сыртқы экономикалық қатерлерден тыс дамып келді. Тоқсаныншы жылдардың басы біз үшін жайлы болды деп кім айта алады?» - деді Н.Назарбаев. Осыны айта келе, Елбасы ондай қиыншылықтар тез ұмытылып қалатынын, бұның жақсы қасиет екенін, дегенмен еске түсіруге тура келетінін айтты. «КСРО құлдырап, біз соның жеке сынығы болып қалып, қайда баратынымызды, не істейтінімізді білмей, не қаражатсыз, не көмексіз қалған кезіміз де болды. Экономика тоқтап, ел жұмыссыз қалды. Зейнетақы төлейтін қаражат та болмады. Сондай, шынын айтқанда, ең қиын кездерді де бастан кешірдік. Тәуелсіздігімізді сақтап қалып, мемлекетті нығайттық. Ендеше, бізге бірігу арқылы алдағы қиыншылықты еңсеру де еш қиынға түспейді», - деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде күнделік өмірге қажетті нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып алатындығымызды баса атап өтті. Ал доллар шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға қажет екендігін айтты. «Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға сенімнің нығаюына қол жеткізу маңызды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық банк нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», - деді Елбасы. «Депозиттерді теңгемен сақтау тиімді, пайызы жоғары. Ал депозиттердегі доллардың пайызы өте төмен болады, бұған банктер келе жатыр. Бұл - долларсыздандырудың бір тетігі», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар