Елбасыға Алматы қаласындағы «Көкжиек» атты жаңа шағын аудан құрылысының жобасы таныстырылды

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов Президентке қаладағы «Көкжиек» атты жаңа шағын аудан құрылысының жобасын таныстырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шағын ауданда 8 мың адам тұратын болады. Шағын ауданның ерекшелігі сонда, мұнда өзінің кіші стансысы,  қазандығы, барлық әлеуметтік инфрақұрылымы - емханалары, мектептері, бала бақшалары,  сауықтыру орталығы, паркингтер болады. Осы шағын ауданда 2 мың 232 пәтерлік 62 үй тұрғызылады. Бүгін 1 мың 67 пәтер пайдалануға беріліп отыр», деді әкім.

 Оның айтуынша, Алматының  құрылысы қаланың өмірінде маңызды орын алады. Бұл сала қаланың өңірлік жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрайды. Бұл салада 70 мың адам жұмыс істейді. «Белгілі қиындықтарға қарамастан, қала бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі ұлғайып отыр. Бірінші жарты жылдықта өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 12 пайызды құрады», деді А. Есімов. 

Соңғы жаңалықтар