Елбасыға «Тікелей желі» арқылы түскен сауалдардың 3 мыңы білім беру саласына арналған

АСТАНА. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елбасыға «Тікелей желі» арқылы түскен сауалдардың 3 мыңы білім саласына арналған.

Елбасыға «Тікелей желі» арқылы түскен сауалдардың 3 мыңы білім беру саласына арналған

 Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Аяған Сандыбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев барлық сұрақтарға жауап қайыру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген.

Халық тарапынан түскен сұрақтардың негізгі дені білім беру саласында жұмыс істейтіндер мен  мұғалімдердің әлеуметтік жағдайлары, мектептер мен балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесіне бағытталған.

Қарашаның 13-і күні Елбасы «тікелей желі» арқылы 2 сағат 50 минөт берген сұхбатында 50-ге тарта сұрақ пен ұсынысқа жауап қайырды. Тікелей желіні ұйымдастыру және өткізу кезінде 40 мыңнан аса сауал келіп түсті.