«Елбасымен бірге - біртұтас ұлттың кемел келешегіне!» атты патриоттық тәрбие сабақтары өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елдігіміздің айшықты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің қамқорлығындағы орта білім беру мектептерінде «Елбасымен бірге - біртұтас ұлттың кемел келешегіне!» атты патриоттық тәрбие сабақтары өткізілді.
None
None

Осы шара аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының және жергілікті жерлердегі әскери бөлімдерінің жауапты офицерлері, әскер ардагерлері мен жауынгерлік қызметтің үздік әскери қызметшілері білім ордаларына арнайы барды.

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Савердин Имиров бастаған топ Астана қаласында орналасқан №10 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Президент жайлы сыр» атты кездесу өткізді. Аталмыш шара оқушы жастарға Қазақ елінің мемлекеттілігін бекемдеп, тәуелсіздігін баянды ету жолындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тарихи рөлі мен еркін еліміздің жарқын болашағын ұғындыруға арналған. Шара барысында оқушылармен Отан, патриотизм, Елбасы, Отан қорғаушы, туған жерге деген сүйіспеншілік, азаматтық борыш сынды қастерлі ұғымдар жөнінде әңгіме өрбіді. Балалар ой-пікірлерін ашық айтып, сұрақтарына жауап алып, белсенділік танытты. Олар елге деген махаббаттары шексіз екенін көрсетті.

Тәрбие сағатында балаларға Ұлт көшбасшысының өмір және еңбек жолын баяндайтын бейнеролик, Ұлттық ұланның атқаратын қызметі жайлы бейнеклип көрсетілді. Бейнеклиптегі бас кейіпкердің сәби күнін сомдаған 2 «в» сынып оқушысы Теміржан Арсенге Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан мадақтама қағазы табысталды. Оқушылар да өз тарапынан патриоттық тақырып төңірегінде дайындалған концерттік бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар