Елбасымыз Н.Назарбаев еңбек жолын бастаған қазақстандық Магнитка құрылып жатқан уақыттың рухын көрсететін кітап жазғым келеді - Л.Шашкова

ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында өткен шараға авторлық ұжымның, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ардагер-металлургтер мен жастар жиналды.
«Қазақстанлық Магнитка: уақыт, адамдар және тағдырлар» басылымы - Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бірігіп дайындаған халықаралық жобасы. Аталған басылымның ерекшелігі оның өз алдына жасампаз халықтың елдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірін салудағы ерекше рухын, мақтаныш сезімі мен құлшынысын көрсету мақсатын қойғанында», - делінген кітаптың алғысөзінде.
Онда қазақстандық Магнитканы салған адамдардың мақалалары, сұхбаттары, очерктері, хаттары және естеліктері жиналған. Ұжымдық монографияда Қарағанды металлургиялық комбинатының қалыптасуы мен дамуының тарихын ашатын материалдар ұсынылған.
«Елбасымыз Н.Назарбаев еңбек жолын бастаған қазақстандық Магнитка құрылып жатқан уақыттың рухын көрсететін кітап жазғым келеді», - дейді авторлық ұжымның мүшесі, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, жазушы Любовь Шашкова.
Тұсаукесерде атап өтілгендей, бұл басылым ең алдымен жастарға арналып жазылды.