Елбасымыздың арқасында мемлекетіміздің кемесі 24 жылда бірде-бір рет бағытынан тайған емес - депутат К. Бұрханов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев - өз саяси философиясы бар, данышпан президент. Бұл туралы бүгін Астанада «ҚР Тұңғыш Президентінің мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісін қалыптастырудағы рөлі» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов мәлім етті.
None
None

Бұл мемлекет Президенттің өз қолымен, саяси, экономикалық, геосаяси жағы болсын, идеологиясы, философиясы, даму барысы болсын, сол кісінің іс-қимылымен қалыптасты. Ол кісінің ерекшелігі - ол теоретик-стратег әрі практик. Оның өз саяси философиясы бар. Өз саяси философиясы бар көшбасшылар бұл әлемде аз. Сол саяси философиясының арқасында, өз халқының болашақ тарихын көз алдында көре білгендіктен, әлемдегі беделді елдердің қатарына еніп отырмыз», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстан алдына келген қиыншылықтарды Президент өз жауапкершілігіне алып, абыроймен атқарып шықты. Қазір де аумалы-төкпелі заманда ауыртпалық Елбасының екі иығына түсіп отыр.

«Қиыншылықтар өте көп болды. Оның барлығын Елбасымыз өзінің дарындылығына, ақылына сыйдырып, шешіп келе жатыр. Сол Елбасымыздың даналығымен біз осындай қиын-қыстау кезеңдерден аман-есен шығып жатырмыз. Бұдан да біз шығамыз, оған бізде ешқандай қорқыныш та жоқ, Елбасы аман болсын», - деді К. Бұрханов.

«Сонымен қатар принциптері де өзгермей жатыр. Көпвекторлы саясат, негізгі басымдықтар әлі де болса сақталып келе жатыр. Біздің мемлекетіміздің кемесі 24 жылда бір рет болса да бағытынан тайған емес. Тура өзінің белгілеген бағытымен келе жатырмыз. Қандай дауыл болмасын, қандай мәселелер болмасын, келе жатырмыз», - дейді депутаты.

«Екіншіден, бұл кісі - практик. КСРО құлаған кезде елде бірде-бір заң болмады. Әлеуметтік-саяси жүйе де жоқ, сол заңдардарды шығаратын. Парламент жылына бес-алты жаңа бір заң шығарады, ол да бір жұмсақ болатын. Бізге ауадай жаңа заңдар керек болды. Бір мемлекет бола отырып, кім не істейтінін білмейтін жағдайлар болды. Экономикалық байланыстар үзілген. Инфляция 2500 пайыздан асып кетті. Мұғалімдерге жалақы жоқ, зейнетақы жоқ, дәрігерлер мен әскерлерге жалақы жоқ, экономика тұралап тұр. Ең қиын-қыстау кезең басымызға түсіп, мемлекет болады ма, жоқ па деген әңгімелер де жүрді. Сонда Елбасымыз наурыз айынан бастап, қараша айына дейін, жалғыз өзі 147 заң күші бар Жарлық қабылдады. Жаңа мемлекетке қандай заңдар керек болды, соның барлығын халықтың, ұрпақтың, тарихтың алдында барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, соны өзі жасап шықты», - деп түйді сөзін К. Бұрханов.

Соңғы жаңалықтар