«Елбасына маған көрсеткен зор сенімі үшін алғысымды білдіремін» - Кәрім Мәсімов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалған Кәрім Мәсімов өзіне көрсетілген сенім үшін Елбасына алғыс айтты.

«Елбасына маған көрсеткен зор сенімі үшін алғысымды білдіремін» - Кәрім Мәсімов

«Елбасына маған көрсеткен зор сенімі үшін алғысымды білдіремін», - деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президентінің «К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлығы жарияланған болатын.

«Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін», - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен атқарған Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.