Елбасының Араб Әмірліктеріндегі ресми сапары басталды

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әбу-Дабидегі тілшісі.

Елбасының Араб Әмірліктеріндегі ресми сапары басталды

Екі күндік сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Әбу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ, Елбасы осы күні БАӘ-нің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізеді.

16-қаңтар күні ҚР Президентінің Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.