Елбасының арқасында біз қазір жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндігіне иеміз - Ж. Оспанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астана қаласының тұрғыны Жәнібек Оспановтан хат келді.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Автор хатында 2012 жылы тамызда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өзіне донорлық жүрек орнату отасы жасалғанын айтады.

«Міне, екі жылдан бері донорлық жүрекпен өмір сүріп келемін. Бала тәрбиелеп, ел қатарлы өмір сүрудемін. Жүрек ауыстыру туралы бес жыл бұрын армандай да алмаған едім. Денсаулық сақтау саласын дамытуға Сіздің тікелей араласуыңыздың арқасында біз қазір жоғары технологиялық медициналық көмек алу мүмкіндігіне иеміз, бұрын ол тек шетелде және көп ақшаға жасалатын», - делінген хатта.

Ж.Оспанов отандық медицинаны дамыту үшін жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, соның арқасында өмір сүруге екінші мүмкіндік алғанын айтады.

Соңында автор жеке өзінің және отбасының атынан Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт, ал барша Қазақстан халқына бақ-береке және игілік тілеген.

Соңғы жаңалықтар