Елбасының арманы - халықтың арманы - Г. Мамырбекова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстан қоғамында соңғы бірнеше күннен бері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы қызу талқыланып жатыр. Білім саласының өкілдері де бұл жөнінде өз пікірлерін ортаға салуда. Солардың бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің педагогика және білім менеджменті кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Гүлсан Мамырбекова.

Елбасының арманы - халықтың арманы - Г. Мамырбекова

Оның айтуынша, мақалада елдің жаңа деңгейге көтерілу жолдары айқын көрсетілген.

«Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру төртінші реформаның негізі болып отыр. Бізде болашағы біртұтас ұлт қалыптастырудің екі негізі бар. Бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясы. Оның басты мақсаты - елімізде ұлтаралық татулық пен келісімді барынша нығайту. Екінші біз ең бастысы «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына ие болып отырмыз. Бұл идея елді біріктіруші күшке ие. Шынында да туған жер, отанды қорғау, ел ұғымдары қазақстандықтар үшін ұлы құндылықтар», - деді Г. Мамырбекова.

Ол сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанды дамытуда жастардың үлкен рөл атқаратындықтарын жеткізді.  

«Қазақстан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде қазақстандықтардың мүлдем жаңа ұрпағы өсіп жетілді. Олардың дүниетанымы әрине аға ұрпақтың дүниетанымынан ерекше. Бүгінгі жастар өз пікірлерін батыл айтады және белсенділігі жоғары. Олар «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыра отырып, елді ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу ісіне қызу атсалысады деген сенімдемін. Өйткені, Елбасының арманы - бүкіл халықтың арманы», - деді ғалым.

ҚПЛ: «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті