Елбасының Астананың 15 жылдығына арналған мақаласы ертең баспасөзде жарияланады

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ертең бұқаралық ақпарат құралдарында елорданың 15 жылдығына арналған мақаласы жариялатындығын айтты.
None
None

Мемлекет басшысы Астананың еліміздегі сәтті жүзеге асырылған стратегиялық ой екендігін баса айтты.

«Ертең баспасөзде Астананың 15 жылдығына арналған менің мақалам жарияланады. Бұл жас елорданың өткенгі, қазіргі және болашақ дамуы туралы толғаныс болады. Астана - бұл халықты гүлденудің жаңа шыңдарына және Қазақстанды әлемдік танымалдыққа жетелейтін біздің жалпыұлттық идеямыз. Әрі, менде біздің елордамызды жаңа мыңжылдықта ерекше болашақ күтіп тұрғандығына ешқандай күдік жоқ», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар