Елбасының атына тікелей желіде келіп түскен сұрақтардың 2 мыңнан астамы мәдениет және ақпарат салаларын қатысты - М. Құл-Мұхаммед

А. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Басқосуда Мемлет басшысының атына тікелей эфир барысында келіп түскен мәдениет және ақпарат салаларының өзекті сұрақтары және осы сала бойынша Елбасының жүктеген тапсырмасы туралы мәселе талқыланды,

Елбасының атына тікелей желіде келіп түскен сұрақтардың 2 мыңнан астамы мәдениет және ақпарат  салаларын қатысты - М. Құл-Мұхаммед

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізге белгілі, жақында өткен Мемлекет басшысының тікелей желі барысындағы сұхбатына ел азаматтары тарапынан 40 мыңнан астам сауал келіп түсті. Елбасы 2 сағат 50 минутқа созылған тікелей эфирде 50-ден астам сұрақтар мен өтініштерге жауап қатты. Дегенмен, аз ғана уақыттың ішінде барлық сауалдарға жауап беру мүмкін еместігі анық. Сондықтан да Елбасы Үкімет басшысына, барлық министрліктер мен агенттіктерге, ұлттық компаниялар  басшыларына тікелей тапсырма берген болатын. Тікелей эфир барысындағы ҚР Президентінің тапсырмалары мәдениет және ақпарат салаларын да қамтыды. Жалпы, Президенттің атына тікелей желіде келіп түскен сұрақтардың екі мыңнан астамы мәдениет және ақпарат  салаларын қатысты болып табылады», деді жиында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Министр өз сөзінде келіп түскен сауалдарға жалпылама шолу жасап  өтті. Оның айтуынша, көптеген қазақстандықтар экономикалық дағдарыстың мәдениет мекемелеріне, масс-медиаға қаншалықты әсер еткендігі жайлы сауал тастаған. «Елбасының, Үкіметтің қолдауы арқасында мәдениет және ақпарат саласы ағымдағы жылы толық ауқымда қаржыландырылды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес барлық мәдениет және ақпарат саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл басынан бері 25 пайызға артты. Бұл әрине, біздің қызметкерлер үшін үлкен қолдау. Әсіресе, мемлекеттік ұйғыр, неміс, корей театрларындағы, «Салтанат» би ансамбліндегі, «Ақ жауын» камералық оркестріндегі ұжымдарда жалақы мөлшері екі есеге дейін өсті. Сондай-ақ 2010 жылғы шілденің 1-нен бастап, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тағы 25 пайызға, 2011 жылы тағы 30 пайызға өсетіні жоспарланған. Бұның өзі Мемлекет басшысының жалпы бюджет қызметкерлеріне деген нақты қамқорлығының айқын айғағы», деді М. Құл-Мұхаммед.