Елбасының атына жастардан ҚХА-ның XIX сессиясында сөйлеген сөзіне байланысты көптеген хаттар келіп түсуде

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің жастарынан Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында сөйлеген сөзіне байланысты хаттар келіп түсуде,
None
None

деп хабарлайдың ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Хат авторлары жастар мәселесін шешуге мемлекет тарапынан ұдайы көңіл бөлінетінін атап өткен.

«Біз Сіздің қазақстандықтардың жас ұрпағын қолдау үшін барлық қажетті жағдай жасауға күш салып отырғаныңызға куәміз. Үкіметке мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу туралы тапсырма бергеніңізді зор қуаныш сезіммен қабылдадық. Жастар үшін әлеуметтік қолдаулар көрсету туралы бастаманың маңызы зор», - деп жазады «Жас Отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалының мүшелері.

Қазақстан Жастары конгресінің өкілдері Мемлекет басшысының ұсынысына қолдау көрсетіп, республиканы өркендету жолындағы барлық жаңаруларға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірген.

«Бүгінгі Қазақстан - орасан мүмкіндіктері бар байтақ ел. Қазіргі күні әлемде болып жатқан аласапыран өзгерістерге қарамастан, біз болашаққа сеніммен қараймыз. Біздің Отанымыз өткен жиырма жылдың ішінде зор жетістіктерге жетті. Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру - біздің өңір үшін аса маңызды міндет. Мемлекет дамуының бұл жаңа кезеңі бізге дағдарыстан кейінгі кезеңде көшбасшылық позиция ұстануға мүмкіндік береді», - деп атап өтілген Павлодар облыстық жастар атынан жолданған хатта.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының жастары тұрақтылық, бірлік және жаңғыру Қазақстан халқыАссамблеясының XIX сессиясында айтылған қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары екенін атап көрсеткен.

«Мемлекетік қолдау жас отбасылар, білім алып, еңбек ететін жастар үшін зор ынталандыру болып табылатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, тұрғын үй құрылысын, білім беруді жедел жүзеге асыру жөнінде міндеттер қойды. Осы жылдар еліміз үшін және бір шаңырақтың астына жиылған әртүрлі ұлт өкілдері үшін жемісті болды», - деп жазады Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының жастары атынан хат жолдаған Қ.Сатыбалдин.

Жалпы, хат авторлары әлемнің ешбір елінде дәл Қазақстандағыдай жастарға ерекше көңіл бөлінбейтінін атап өткен. Қазақстан жастары Мемлекет басшысының алға қойған жоспарларын іске асыруына, еліміздің өркендеуі мен игілікке жетуіне тілектестік білдіреді.     

Соңғы жаңалықтар