Елбасының Австрияға сапарының қорытындылары

АСТАНА-ВЕНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 22-23 қазан күндері ресми сапармен Австрия Республикасында болды.
None
None

Австрияның федералды Президенті Хайнц Фишер «Хофбург» сарайының алдындағы алаңда Қазақстан Президентін қарсы алды.

Қазақстанның Әнұраны шырқалған соң, мемлекет басшылары қызыл кілеммен Австрия федералды Президентінің резиденциясына өтті, онда тар ауқымдағы және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтті.
Кездесулерден кейін екі президенттің қатысуымен Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы жөнінде ҚР Үкіметі мен АР Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды, Қазақстан Президентінің Австрияның жоғары басшылығымен, саяси және іскерлік орта өкілдерімен кездесулері, сондай-ақ қазақстан-австрия бизнес-форумы өтті.  

Австриялық компаниялардың көрмелерін аралау барысында мемлекет басшылары қазақстан-австрия бірлескен бизнес-жобалармен танысты. Кейін тараптар бірқатар құжаттарға қол қойды, атап айтқанда, Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесін құру жөнінде, ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Австрия Экономика палатасының экономиканы дамыту институты арасында меморандумға, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» АҚ мен австриялық «OMV» концерні арасында өзара түсіністік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Президенті ҚР мен ЕО арасындағы ғылыми-технологиялық инновациялық әріптестік мәселелері бойынша Еуроодақтың мамандарымен кездесті.

Жоғары мазмұндылықпен ерекшеленетін биылғы ресми сапар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум