Елбасының биылғы Жолдауы маңызды да мәнді, өте ерекше болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Президенттің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына арналған дөңгелек үстел өткізді,

   Елбасының   биылғы Жолдауы маңызды да мәнді, өте ерекше болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның мақсаты - демалыс орталықтарының патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік тілді, мектепке дейінгі тәрбиені және білім беруді дамыту, жастар арасында салауатты өмір мәдениетін насихаттау жөніндегі мүмкіндіктерін қарастыру.

Дөңгелек үстел жұмысы салауатты өмір салты, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, мемлекеттік тілді жариялау және жастарға патриоттық тәрбие беру бағыттарында жүргізілді.

«Биылғы Елбасының Жолдауы маңызды да мәнді өте ерекше болды. Президент өз жолдауында дағдарыстан кейінгі уақыттағы Қазақстанның дамуы жайында көп айтты. Сонымен қатар ғылым, білім, денсаулық салаларына да көп көңіл бөлді. Жолдаудағы жоспарланған жұмыстардың түпкі мақсаты еліміздің ғұмырын баянды ету, өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құшақ жаюы. Сондықтан бүгінгі жиын мемлекеттік тіл мен жастардың патриоттық сезімін нығайта түсуге арналған», дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы Айдар Есенбеков.

Шараға Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма, Әуезов ауданы әкімдігінің, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өкілдері мен оқушылар және студенттері қатысты.