Елбасының бұл Жолдауы халықты ұлы істерге жұмылдырып, жоғары тиімділікке қол жеткізуге үндейді - Еуропа ректорлар клубының мүшесі

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Еуразия нарық инстиутының оқытушылар құрамы мен студенттері Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын көріп, талқылау жасады,

Елбасының  бұл Жолдауы халықты ұлы істерге жұмылдырып, жоғары тиімділікке қол жеткізуге үндейді - Еуропа ректорлар клубының мүшесі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елбасыға Алматы облысы Райымбек ауданынан хат жолдаған азаматтың пікіріне мен толығымен қосыламын. Бұған дейін біз ЕҚЫҰ-ның есігінен сығалап та қарай алмайтын болсақ, қазір оның төріне шықтық деген сөзі өте жақсы айтылған. Бүгінгі басқосудағы талқылау кезінде мен оның мән-мазмұнын барлық жастарға толық ұғындыру қажет екенін айттым", дейді Еуразия нарық институтының ректоры, халықаралық "Еуропалық сапа" наградасының және "Платиналы Тарлан" сыйлығының лауреаты, "Еуропа ректорлар клубының" (Оксфорд) мүшесі, академик Айтқали Нұрсейіт. Оның айтуынша, Үкіметтің әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жоюға қатысты әрекеті өз нәтижесін берді. Бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде Қазақстан одан ең алдымен шығып, тұрақты дамуға бейімделіп келе жатыр. Президенттің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі бұл Жолдауы әлеуметтік, экономикалық, саяси негіздеменің негізгі бағыттарын көрсетіп отыр.