15:30, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасының дағдарысқа қарсы саясатын түсіндіру үшін сенаторлар өңірлерге аттанатын болады
АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Парламент Сенатының депутаттары ақпанның 9-ынан бастап өңірлерді аралайды.

Он күндік сапарлары барысында депутаттар дағдарысқа қарсы Елбасының саясатын жұртшылыққа түсіндіретін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Палата депутаттары халықпен, Мәслихат депутаттарымен, қоғам өкілдерімен кездесулерінде Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар туралы жан-жақты түсіндірулері керек. Сондай-ақ, сенаторлар Елбасының жүктеген тапсырмаларының жергілікті жерлерде қаншалықты орындалғанына назар аударып, атқарушы органның тиісті шараларды қалай жүзеге асырып жатқанымен жан-жақты танысатын болады. Сонымен бірге, жұртшылықты Парламент қабылдаған заңдармен таныстырудың да мәнісі зор. Осыған орай, өңірлердегі қызметтеріңізге табыс тілеймін», -деді Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев.