Елбасының дербес парақшасына оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптар енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақорда сайтындағы дербес парақшасындағы Елбасының өз қызметі кезеңіндегі мейлінше маңызды деген және қалың оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптары енгізілген бөлімге «Тарих толқынында», «Қазақстан жолы», «Без правых и левых» атты еңбектері енгізілді.
Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктағы парақшасында хабарланды.
Қазақстан Президенті еңбектерінің каталогы хронологиялық тәртіп бойынша, танысуға және оқуға мүмкіндік беретіндей түрде ұсынылып отыр.
Мемлекет басшысының осы және басқа да еңбектерімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.